20
июнь
2026
"Тарбағатай"оқу-сауықтыру орталығы.Интеллектуалды сайыс



«Тарбағатай» оқу-сауықтыру орталығындағы 2-ауысымның жетінші күні қызықты әрі әсерлі сәттерге толы өтті!Күніміз көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған таңғы жаттығумен басталды. Одан кейін балалар ұйымшылдықты, шапшаңдық пен тапқырлықты талап ететін «Станция» топтық ойынына белсене қатысып, өзара ынтымақтастықтарын көрсетті.Күннің маңызды шараларының бірі – «QUIZ» интеллектуалдық сайысы болды. Қатысушылар білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, қызықты сұрақтарға жауап берді.
Кешкі уақытта балалармен таза ауада гитара сүйемелдеуімен әсерлі отырыс ұйымдастырылып, көңілді әндер шырқалды.
Ал күннің қорытындысы жарқын эмоцияларға толы би кешімен аяқталды.
Әр күн сайын балалар жаңа достар тауып, қызықты шараларға қатысып, ұмытылмас естеліктер жинауда. «Тарбағатайдағы» әрбір күн – қуанышқа, достыққа және жарқын әсерлерге толы ерекше күн!