мектеп тарихынан
1929 жылы Үржар өңірінде «Қызыл тау қырандары» атты коммуна құрылып , коммунаны ұйымдастырушылар
Бестерек ауылында «Тірек мектеп »іргесін көтереді.
Ұйымдастырушылар қатарында А. Пищулин, Н.Е.Моцак, А.Недоступов,Т. Байдаулетов,М.Хасенов сынды көзі ашық , көкірегі ояу белсенділер болады. Күндіз мектепте , кешке ересектер арасында сауатсыздықты жоюмен айналысады. 1935 жылы «Қызыл тау қырандары» төрт колхозға бөлінеді де, «Чапаев » атындағы колхозда 7 жылдық орталау мектеп ашылады , директоры А. М. Лукинский. 1951 – 1952 жылдары мектеп жанындағы тұңғыш интернат ашылды. Мектеп директоры Воротынцева болады. 1953 жылдар бастап мектепті Ақбаев Нұрғазы басқарады. 1964 жылы мектеп 8 жылдық мектепке айналады. 1964 - 1968 жылдары мектеп директоры – Т.М. Соколенко. 1966 жылы жаңа ғимаратқа кіріп , орта мектепке айналады. 1969 – 1972 жылдары мектепті А. Ф. Скороплетова, 1972 – 1990 жылдары С.Т.Тұрлыбеков, 1990 –2004 жылдары Б.Ф. Оразаева басқарады.1996 жылдан бастап Чапаев колхозының бала – бақша ғимаратына көшті. 2001 жылы Үржар аудандық әкімінің шешімі бойынша мектепке ресми түрде Мешітбай Хасенов есімі беріледі. 2004-2017 жылдары мектепті Арин Ғалия басқарды. 2017жылдан бастап мектепті Коштаев Ербол Кабдыкалыкович басқарып келеді.